Алматы көшелерінде шемішке шаққандар 10 күнге қамалады


Шемішке шағып, айналасын ластайтындар заңға құлақ аспаса, 10 күнге дейін темір торға тоғытылып, үстінен әкімшілік хаттама толтырылады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы қалалық ІІД сілтеме жасап.

Қарапайым қағиданы сақтамай темекі қалдығын лақтырған үшін 10 000-21 000 мың теңге аралығында айыппұл салынады. Мұндай құқық бұзушылыққа тыйым салу жергілікті полицияның құзырында. Жаңа жылдан бері жұмысқа кіріскен жергілікті полицияның бөлімшелері қазір хаттамалардан босар емес. "Көбінесе қазір жастар, студенттер осындай құқық бұзушылық жасайды. Қоғамдық орындарда өзінен кейін қалдықтарды тастап кету, темекіні лақтыру. Басқа қаладан келген тұрғындарда қаланың мәдениетіне қарсы әрекет жасайды",- деді Алматы қаласы ІІД Бостандық ауданын ЖПҚ учаскелік полициясы Нұрбол Елубаев.

Жергілікті полиция қызметкерлері азаматтардың да белсенді болуын сұрап отыр. Өткен жылы бір ғана Бостандық ауданында осындай тұрғындармен тәртіп сақшыларының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде 1500 қылмыстың беті ашылып, он мыңнан астам адамға әкімшілік айыппұл салыныпты

Фотосурет: www.fisniak.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1035525-almaty-k1257shelernde-shemshke-sha11791179andar-10-k1199nge-1179amalady.html


Популярное