Қазақстан мен Чехия заңсыз көші-қонға қарсы бірл...


Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары екі мемлекет арасындағы келісім елдердің аумағында кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көздейді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл санатқа еліміздің аумағына заңсыз кірген немесе заңды кірген, бірақ визасының немесе рұқсат құжатының мерзімі өтіп кеткеннен кейін сонда қалған адамдар жатады. Келісімді ратификациялау халықаралық құқыққа сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Марат Демеуов.

Келісім 2011 жылы 23 ақпанда Прагада жасалған. Құжатты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Қанат Мәметқазыұлы

Фотосурет: news.caravan.kz


Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1035537-1178aza1179stan-men-chehiya-za1187syz-k1257sh-1179on1171a-1179arsy-brl.html


Популярное