Орал қаласының жолаушылары «Газель» көлігімен қатынамайды


Қазір тасымалдаушылар ескі көліктерді заманауи әрі жайлы шағын автобустармен алмастыруда, деп хабарлайды BNews.kz

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінен атап өткендей, қазір Оралда қала ішінде қатынайтын 200-ге тарта «Газель» бар.

«Қазір заман талабы басқа. «Газель» – өткен ғасырдың жұрнағы. Таңғы және кешкі уақыттарда бұл көліктер жолаушыларға лық толы, ине шаншар жер жоқ. Сол себепті біз екі тасымалдаушымен келісім бекіттік. «Дилижанс» ЖШС мен «Ақжол-авто» ЖШС жыл соңына дейін «Газель»көліктерін шағын автобустарға алмастырады. Жыл соңына дейін барлығы 165 көлікті ауыстыру жоспарымызда бар», - деп мәлім етті қалалық ТКШ ЖК және АЖБ сектор меңгерушісі Асқар Мұқанов.

Жолаушы тасымалымен айналысатындар келісім шарттарына сәйкес «темір тұлпарды» жаңартуға міндеттеліп отыр.

«Бұл бағыттағы жұмыс басталып та кетті. Қазір «Форд», «Рено» және «Пежо» шағын автобустары қатынайды. Олар әлдеқайда ыңғайлы», - дейді «Ақжол-авто» ЖШС директоры Эльдар Вагапов.

Автокөлік кәсіпорындарының басшылары автопаркті жаңғыртуға тарифтің төмендігі тұсау болып отырғанын айтып, мұңын шақты. 2013 жылдан бері өзгермеген тариф бүгінде 60 теңгені құрайды.Өз кезегінде, қалалық әкімдіктегілер баға мәселесін жан-жақты пысықтап, шешім шығаруға уәде етті.

Фотосурет: azh.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1035587-oral-1179alasyny1187-zholaushylary-gazel-k1257lgmen-1179atynamaydy.html


Популярное