Алматы әкімдігінде жедел жауап берудің электронды жүйесі енгізілді

«109» Бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметінің электрондық деректер базаларымен біріктірілген жаңа жүйе қала қызметтері жұмысының коммуникативтік, уақыттық, бақылау-ұйымдастыру және басқа да бағыттарының бірқатар міндеттерін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді,деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Электрондық жолданымдар жүйесі» қолданысқа енгізілген соң, енді жергілікті атқарушы органдардың интернет-сайттары, сондай-ақ әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) немесе «109» қызметі арқылы тұрғындардан түсетін хабарламалардың ешбіреуі назардан тыс қалмайды. Қаланың бейінді қызметтерінің мамандары әрбір жолданымға міндетті түрде тұжырымды жауап береді.Әзірге ЭЖЖ өз сегментінде қала әкімдігінің 25 басқармасы мен 8 аудандық әкімдікті бақылайды.Жаңа жүйені іске қосу аясында диспетчерлердің тұрғындармен тиімді өзара әрекеттесуі үшін «109» Бірыңғай кезекті-диспетчерлік қызметінің залы IP-телефониямен жабдықталды. Ол жерден бүгінгі таңда 5 коммуналдық ұйымға, солардың ішінде «Алматы жылу желілері», «Алматыэнергосбыт», «Холдинг Алматы су», «Қазтрансгаз Алматы» және «Алматы тазалық», жедел ақпарат жіберіліп тұрады.
Айта кетелік, «109» қызметінің диспетчерлері тәулігіне 300-500 хабарламаны өңдейді. Осылайша, Алматы қаласы аумағында кез келген жағдайларда тұрғындармен және ұйымдармен арада тығыз байланыс орнауын қамтамасыз етеді.
Жаппарберген Айбота
Фотсурет:gov39.ru