Елімізде эталонды электрондық банк пайдалануға берілді


Елімізде 3,5 мыңнан астам құжаттан тұратын Нормативтік-құқықтық актілердің эталонды электрондық банкі пайдалануға берілді. Бұл туралы Әділет министрі Берік Имашев ұжымда өткен алқа отырысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Құқықтық актілер туралы» заң қабылданғаннан кейін нормативтік-құқықтық актілердің кез келген пайдаланушыға қолжетімділігі артты. Бүгінде банк мұрағатында электронды сандық қолтаңба қойылған 3,5 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті бар», - деді министр.

Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызмет көрсету салаларын сандық қолтаңба негізінде заманауи технологиялардың көмегімен жетілдіру жұмыстары соңғы жылдары қарқын алды. Оның аясында Әділет министрлігі нормативтік-құқықтық актілердің электронды түрдегі эталонды электрондық банкін өндірістік пайдалануға беру жоспарын өткен жылы толық орындап шықты.

Сала мамандарының айтуынша, бүгінде мемлекеттік тіркеуге келіп түскен нормативтік-құқықтық актілер саны өткен кезеңмен салыстырғанда едәуір артқан. Соңғы деректер бойынша, олардың саны 12,5 мыңды құрап отыр.

Фотосурет: primeminister.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1035855-elmzde-etalondy-elektrondy1179-bank-paydalanu1171a-berld.html


Популярное