Оқушылар жазғы демалыс кезінде ресми түрде жұмыс істей алады


Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов айтуынша, «Жұмыспен қамту» туралы Заң жобасы күшіне енген жағдайда 14-16 жастан бастап оқушылар мен студенттер қоғамдық жұмыстарға араласып, пайда таба алады, деп хабарлайды 24.kz арнасы

«Еңбек етемін деген жеткіншектің ата-анасымен келісімшарт жасалады. Ал олардың жалақысы Еңбек кодексіне сәйкес толық көлемде төленеді. Біржан Нұрымбетов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары: - Әрине 4 сағат жұмыс істейтін болса, екі есе төмен алады. Ал енді жоғары белгілеу жұмыс беруішінің қызметкер арасындағы келісетін мәселе болып табылады. Жоғары мөлшеріне шектеу жоқ, бірақ төменгі мөлшеріне кепілдік ретінде Еңбек кодексінде шектеу бар», деді Б.Нұрымбетов.

Фотосурет: www.vidpochivay.com

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1035903-o1179ushylar-zhaz1171y-demalys-keznde-resmi-t1199rde-zh1201mys-stey-alady.html


Популярное