Байқоңыр төңірегіндегі 11 мың гектар жер Қазақст...


Ресей федерациясы биыл Байқоңыр төңірегіндегі 11,6 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарады. Бұл туралы Ресейдің жердегі ғарыштық инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығының бас директоры Рано Джураева мәлім етті. Ақпаратты «Қазақстан» ҰТА, "RT" арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Рано Джураева аумағы 11,6 мың гектар болатын 4 жер учаскесін Қазақстанға қайтару туралы өткен жылдың күзінде келісім жасалғанын айтты. Оның айтуына қарағанда бұл жер Байқоңыр қаласымен түйісіп жатса керек. Әрі, ресейліктер ол жерді мүлдем пайдаланбайтын көрінеді.

«Кадастрлық жұмыстар аяқталды және жыл ортасына дейін жерді жалдан шығару қорытындысы дайын болады. Жер учаскелері қазақстандық әріптестеріміздің бастамасымен қайтарылады – олар инфрақұрылымды дамытпақшы, қонақ үйлер салуы мүмкін», - дейді Рано Джураева.

Ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласының жалпы аумағы 672 мың гектар. Ресей бұл кешенді Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған. Жылына 115 млн доллар төлейді. RT агенттігі Қазақстанға қайтарылатын жертеліміне байланысты ресейліктермен арадағы кешенді жалға беру құнын өзгерту жөнінде мәселе қарастырылмағанын жазды.

Фото: www.kazpravda.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1036405-bay1179o1187yr-t12571187regndeg-11-my1187-gektar-zher-1178aza1179st.html


Популярное