Сейсенбі күні Қазақстанның барлық облыстарында ауа райы наш...


Оңтүстік-батыс тропосфералық ағымдар солтүстікке ауысып сонымен Қазақстанға арктикалық кеңдік ауасы суық фронттармен келеді. Алдағы үш күнде қар, көріну қашықтығы 500 м. бұрқасын, 15-25м/с жел, және түнгі пемператураның 23-30º төмендеуі, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауан-шашын: жаңбыр арты қарға айналып, таулы аймақтарда қатты жауан-шашын болады, тұман, көктайғақ пен ауа-райының суытуы күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz, Қазгидрометтің берген мәліметіне сүйеніп.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, желдің күші 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.

Фотосурет: rk.karelia.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1036628-seysenb-k1199n-1178aza1179stanny1187-barly1179-oblystarynda-aua-rayy-nash.html


Популярное