Түркістан тұрғыны құтырудан қайтыс болды


Түркістанда құтыру диагнозы қойылған әйел қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, марқұмды былтыр желтоқсан айының соңында көшеде жүрген ит тістеп алыпты, деп хабарлады otyrar.kz.

Бірақ, жәбірленуші дәрігерге бірден көрінбеген. Тек сырқаттанған соң, осыдан 1 апта бұрын ғана дәрігерге қаралыпты.

Қалалық ауруханада жәбірленушіге бірден көмек көрсетілгенімен, дерттің асқынғаны анықталған. Көп ұзамай әйел көз жұмды.

Фото: enigma-project.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1036650-t1199rkstan-t1201r1171yny-11791201tyrudan-1179aytys-boldy.html


Популярное