Алматыда өрттен 5 адам қаза тапты


Алматыда жекеменшік үй өртеніп, 5 адам ажал құшты.Оқиға кешкі сағат 20.46-да болған. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қабырғасы қамыстан жасалған баспананың терезелері темір тормен қапталған екен. Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында 4 ер адам мен бір әйелдің мәйіті табылды. Полицияның хабарлауынша, қаза болған үй иесі осы уақытқа дейін ішімдікке салынып келген. Басқа адамдардың кім екендігі қазір анықталуда.

Фото: zakon.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1037321-almatyda-1257rtten-5-adam-1179aza-tapty.html


Популярное