Бұрынғы әйелін қорқытып sms жазған Екібастұз ...


Түн ішінде өзінің бұрынғы әйелін қорқытып sms жазған Екібастұз қаласының 26 жастағы тұрғыны Заңғар Танашбеков бес күнін қамауда өткізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, өткен жылдың желтоқсан айында ер адам отбасында жанжал ұйымдастырғаны үшін қорғаныс нұсқамасын алған. Төбелесқорға бір ай бойы бұрынғы әйеліне жолауға және басқа да бір жолмен онымен араласуға тыйым салынды.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты бұл әрекеті үшін ер адамның ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461-бабына сәйкес қорғаныс нұсқамасын бұзғанын атап өтті. Әкімшілік тұтқынға алудан басқа, сот қорғаныс нұсқамасының мерзімін ұзартып, қосымша үш ай әйелімен сөйлесуге тыйым салды. Бұған қоса, ер адамға Екібастұз қаласының ІІБ-на ай сайын үш рет келуді міндеттеді, - деді облыстық сотта.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ. Сондықтан бұрынғы жолдасы бұл шешімге қатысты он күн ішінде шағымдана алады.

Омар Еркін

Фото: www.macdigger.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1037331-b1201ryn1171y-1241yeln-1179or1179ytyp-sms-zhaz1171an-ekbast1201z-1.html


Популярное