Павлодарда мұздың астына түсіп кеткен қыз екі-үш күнне...


Қатты суық өтіп кетіп, ауыр халде ауруханада жатқан қыздың жағдайы оңалып келеді. Бір-екі күннің ішінде жеткіншек ауруханадан шығады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ардақ Күзеков мәлім етті.

«Дәрігерлер құпиясы» деген ұғым бар. Сондықтан да баланың маған не айтқанын жария ете алмаймын. Алайда жеткіншек медицина қызметкерлерімен сөйлеседі және жағдайы жақсарып қалды, - дейді А. Күзеков.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні таңертең 1963 жылы туған азаматша тоғыз жастағы немересімен Ертіс өзенінің жағасында серуендеп жүріп, абайсызда мұздың астына түсіп кеткен. Қыз бала ауруханаға жеткізілген соң, біршама уақыт екінші-үшінші деңгейлі комада жатты.

Ішкі істер департаментінің ақпаратына сүйенсек, қорғаншылық органы қыздың бұрын ата-ана құқығынан айырылған анасын іздестіруде. Қазіргі таңда оның қайда жүргені анықталуда. Сондай-ақ жас өреннің нағашысы бар екені белгілі болды. Туыстары бала үшін жауапкершілікті өз міндетіне алуға ниет білдіргенге дейін бұл мәселенің қалай шешім табатыны белгісіз.

Фото: ustinka.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1038954-pavlodarda-m1201zdy1187-astyna-t1199sp-ketken-1179yz-ek-1199sh-k1199nne.html


Популярное