Шымкенттің қақ ортасында ер кісі кенет қайтыс болды


Шымкенттің қақ ортасында қайғылы жағдай болды. Ордабасы алаңы жақта ер кісі көшеде құлап қалған, деп хабарлайды otyrar.kz

Оқиға күндізгі сағат 4 шамасында болды. Осында кетіп бара жатқан кісі кенет өзін нашар сезініп, құлап қалған. Куәлер тез арада жедел жәрдем қызметіне хабар берген. Дәрігерлер бригадасы 7 минут ішінде келген. Өкінішке орай, ер кісінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол жүрек талмасынан қайтыс болуы мүмкін.

Әзірге анық болғаны — марқұм 1947 жылы туылған. Шымкент қаласының тұрғыны.

Фото: otyrar.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1039069-shymkentt1187-1179a1179-ortasynda-er-ks-kenet-1179aytys-boldy.html


Популярное