Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып ...


Қарағандыда вокзал маңында орын алған жол-көлік оқиғасы қайғылы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық ІІД баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйеніп.

«Қарағандыда вокзал маңындағы алаңда «ПАЗ» автобусының 39 жастағы жүргізушісі 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Фото:www.1.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1041051-1178ara1171andyda-avtobus-zh1199rgzushs-zhayau-zh1199rgnshn-1179a1171yp-.html


Популярное