Павлодарда ішімдіктен сілтеген алаңғасар әке балабақшадағы &...


Павлодарда ер азамат мас күйінде полиция қызметкерлеріне хабарласып, Катаев көшесіндегі ауладан үш жарым жасар қызының жоғалғаны туралы хабар берген. Ал, осы кезде бүлдіршін балабақшада болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Павлодарлық тәртіп сақшыларының барлығы аяқтарынан тік тұрып, іздеуге кірісті. Балғынның қай жерде екендігін анықтау үшін полиция қызметкерлері жақын арадағы үйлер мен аулаларды, жертөлелерді аралап шыққан.

Артынша, әжесіне хабарласып, бүлдіршіннің балабақшада екендігін анықталды, - деп жазылған хабарламада. Полицейлер қыздың бар-жоғын анықтау үшін балақшаға барғанда баланың ешқайда кетпегенін және оны ешкімнің алып кетпегендігін біледі. Аталмыш іс бойынша «алаңғасар әкеге» қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 438-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жалған ақпарат бергені үшін 30 АЕК көлемінде, яғни 63 633 теңге айыппұл төлейді.

Фото: www.allwomens.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1041387-pavlodarda-shmdkten-sltegen-ala11871171asar-1241ke-balaba1179shada1171y-.html


Популярное