Ақсуда анасымен жанжалдасып қалған 9-сыныптың оқушысы бесінш...


Ақсу қаласында анасымен жанжалдасып қалған № 1 мектептің 9-сынып оқушысы өз үйінде бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Оқиға сенбі күні, таңертең сағат 11-де орын алды. Оқушының сабаққа бармағаны үшін анасы ұялы телефонын тартып алған. Бұдан кейін ол баласының жағдайына байланысты сөйлесу үшін мектепке келген болатын. Дәл осы уақытта өз ісіне өкінген жасөспірім кешірім сұрап, хат жазып қойған. Анасы үйге келген соң, балконнан секіріп кеткелі тұрған баланың есімін атаған сәтте ол төменге құлап түскен. Дереу жедел жәрдем шақырып, бала Ақсу қаласы орталықтандырылған аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жасөспірімнің оқу үлгерімі орташа, спортпен шұғылданғанды, футболды ұнатады. Ол отбасындағы жалғыз бала», - дейді Н. Масұғытова.

Әлеуметтік педагогтың айтуынша, бала соңғы кездері анасынан жұмыстан кетуді және өзіне көбірек көңіл бөлуді өтініп жүрген. Әкесі осыдан бірнеше жыл бұрын дүние салған. 15 жастағы баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған азаматша Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді.

«Жамбас, қабырға сүйектері сынып, түрлі жаратақ алған баланың жағдай бүгінде өте ауыр», - дейді Ақсу қаласы орталықтандырылған ауруханасының реаниматолог дәрігері Жанабай Алдаркаев.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: azh.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1042426-a1179suda-anasymen-zhanzhaldasyp-1179al1171an-9-synypty1187-o1179ushysy-besnsh.html


Популярное