Мас болып, жас баланы қақты


Ордабасы ауданында жаяу жүргіншіні қаққан көлік жүргізушісі қамауға алынды. Оның мас халде көлік басқарғаны да анықталып отыр. Бұл туралы otyrar.kz, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп хабарлайды.

Оқыс оқиға Шұбарсу ауылында тіркелген. Осы күні аудандық ауруханаға жол апатының кесірінен ауыр дене жарақатын алған 1,5 жасар бала жеткізілді. Тез арада оқиға орнына барған полиция қызметкерлері кешкі сағат 20:00 шамасында 1977 жылғы жүргізушінің көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кеткенін анықтайды.

Қатты жылдамдықпен келген көлік жолдың шетінде велосипедінде отырған бүлдіршінді қаққан. Одан ары барып, жолдың шетіндегі сарайға соғады. Соның салдарынан жарақат алған бала жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қазір өлім аузында жатқан балаға аудандық аурухана дәрігерлері барынша көмек көрсетуде. Науқас дер кезінде жеткізілгендіктен, Құдай қарасып, өмірін аман алып қалуға мүмкіндік болыпты.

Жәбірленушінің әкесі Хамит Ақнұров баласының өміріне алаңдаулы. Жүргізушіге сазайын тарттыруға да уақыты жоқ. Есесіне, ауылдағы ағайын шу шығарып, екіге бөлінген.

Тәртіп сақшылары 39 жастағы жүргізушіні ұстап, арнайы сараптама жасатады. Соның нәтижесінде жүргізушінің орта дәрежелі мас екенін анықталды. Қазір осы факті бойынша қылмысты іс қозғалды. Жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ал ауыл тұрғындары кінәлі жүргізуші қатаң жазаға тартылсын деп талап қойуда. Өйткені жәбір көрген балақай енді аман қалғанымен, жүріп кету екіталай.

Фото: otyrar.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1042783-mas-bolyp-zhas-balany-1179a1179ty.html


Популярное