Астанада бақылау камераларының арқасында 40-қа жуық қы...


Елордада көлік доңғалағын ұрламақ болған 23 жастағы азамат ұсталды. Арам ойын жүзеге асырмақ болған күдікті бақылау камераларының біріне түсіп қалған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні сол бойда қолға түсірді. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, бас шаһарда 800-ге жуық бақылау камерасы бар. Тәртіп сақшылары қырағы камералардың көмегімен жыл басынан бері 30 қылмыс пен әкімшілік тәртіп бұзылған 10 деректі анықтаған.

Фото:hi-news.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1052507-astanada-ba1179ylau-kameralaryny1187-ar1179asynda-40-1179a-zhuy1179-1179y.html


Популярное