Павлодарда бес қабатты тұрғын үйден 32 адам сыртқа шығ...


Павлодар қаласындағы бес қабатты үйлердің бірінде төтенше жағдай орын алып, 32 адам сыртқа шығарылды. Оның 10-ы - балалар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару бөлімінің баспасөз қызметкері Айгерім Құсайынова мәлім етті.

-Тілсіз жау кеше Цилинная көшесі, 46/1 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты үйде орын алған. Қызыл жалын бір бөлемелі пәтердің 4 шаршы метрін шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді А. Құсайынова.

Фото:pavlodarnews.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1054536-pavlodarda-bes-1179abatty-t1201r1171yn-1199yden-32-adam-syrt1179a-shy1171.html


Популярное