Павлодарда жол апатынан төрт жасар бала зардап шекті


Павлодарда "Мерседес" маркалы жүк көлігі "Мазда" автокөлігімен соқтығысып, жол апатынан төрт жасар бала жарақат алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Оқиға бүгін таңертең Торговая көшесі, 1/8 мекенжайында орын алған. Жүк көлігін тізгіндеген 42 жастағы азамат жоғары жылдамдықпен алдындағы "Мазда" автокөлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде жеңіл көлік ішінде болған төрт жасар бүлдіршін зардап шегіп, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал, баланың көлікті басқарған 37 жастағы əкесі дін аман. Қазір жол көлік оқиғасына қатысты тексеріс жүргізілуде, - деді ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Айгерім Жанкашова

Фото: pavlodarnews.kz.


Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1067848-pavlodarda-zhol-apatynan-t-1257-rt-zhasar-bala-zardap-shekt.html


Популярное