ОҚО-да өрт қауіпсіздігін күшейту басталды


Биылғы көктемде жиі жауған жауынның салдарынан қаулап өскен шөптің биіктігі екі метрге дейін жетіпті. Ал соңғы аптадағы күннің күрт ысуы өрт қауіптілігін арттырған, деп жазады otyrar.kz.

Сол себепті төтенше жағдай департаментінің мамандары көлік иелеріне темекі тұқылын тастамауға кеңес береді. Өткен жылы дала өрті орын алды деп тұрғындардан 100 қоңырау түссе, бүгінде 15 хабарлама келіпті.

Қала әкімдігімен бірлесе жасаған іс-шараның нәтижесінде 20 адамнан құрылған арнайы топ жол жиегін техникамен жыртып, өртке қауіпті деген шөптерді тазарту жұмысын бастап жіберген.

Фото: lentaregion.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1067930-o-1178-o-da-1257-rt-1179-au-ps-zd-g-n-k-1199-sheytu-bastaldy.html


Популярное