ШҚО құтқарушылары Ертіске құлаған ер адамды ...


Өңір құтқарушылары суда орналасқан «Арабелла» дәмханасына өтемін деп Ертіс өзеніне құлап кеткен 30-жастағы ер адамды құтқарып қалды. Суға құлаған адам туралы хабарлама ТЖД кезекшілерінен түскен, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Оқиға орнына келген «Шығыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының» құтқарушылары Алексей Голодов және Данияр Ахатов құтқару шеңберінің және арқанның көмегімен зардап шегушіні жағаға алып шықты. Ер адам алкогольді ішімдікке мас болған.

ТЖ департаменті аймақтағы құтқарушылардың күнделікті қауырт жұмыс істеп жатқанын айтады.

Фото: enigma-project.ru

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1077863-sh-1178-o-1179-1201-t-1179-arushylary-ert-ske-1179-1201-la-1171-an-er-adamdy-11.html


Популярное