Төлебиде 480 пәтерлі 8 көпқабатты тұрғын үй бой ...


Төлеби ауданы Ленгер қаласы 1 шағын ауданында «Өңірлерді дамыту -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ғимараттарға жер қазу жұмыстары басталғалы аудан басшысы Бұхарбай Парманов игі істің басы-қасында болып, жұмыстардың сапалы болуын жіті бақылауда.

Ленгер қаласынан бой көтеріп жатқан бес қабатты 8 үйдің әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің жер қазу жұмыстарының қайта нығыздау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Фото: ontustik.gov.kz
Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1097292-t-1257-lebide-480-p-1241-terl-8-k-1257-p-1179-abatty-t-1201-r-1171-yn-1199-y-boy.html


Популярное