Семей тұрғыны 32 көршісін сотқа берді


Семей тұрғыны 32 көршісін сотқа берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Көршілерінің үстінен шағымданған ер адам Әуезов көшесінде орналасқан үйдің соңғы, яғни 14-қабатында тұрады. Оның айтуынша, көп қабатты тұрғын үйдің шатыры әбден ескіріп-тозған, апатты жағдайда тұр. Екі жыл бойы пәтер иесі шатырды жөндеуге тұрғындардан ақша жинамақ болған. Алайда сол күйі қажетті соманы жинай алмапты.

«Былтыр шатырдан су аққандықтан, электр сымдары тұйықталған. Бұдан үйдің өртеніп кетуі ғажап емес. Сол себепті біз ПИК және тұрғындармен бірге шатырды жөндеу мәселесін шешу үшін жиналып, смета құрдық. Жөндеу жұмыстарына ақша жинайтын болып келістік. Әр пәтерден 28 мың теңге жиналатын болды. Алайда іске келгенде 88 пәтер иесінің тек 56-сы ғана келісімін берді. Қалғандары бас тартты», - дейді сотқа шағымданған тұрғынның әйелі Әлия Мұхаметқалиева.

Оның айтуынша, тиісті сома жиналмағандықтан, шатыр сол күйі жөндеусіз қалған. Ал осы жылдың тамызында нөсер жауыннан Мұхаметқалиевтар үйін тағы да су басты.

«Осыдан кейін мен акт толтырып, ПИК өкілдері мен көршілерді шақырдым. Төпелеп құйған жаңбырдан пәтерді тағы су басқанын айттым. Осы акт негізінде 32 пәтер иесінің үстінен шағымданып, сотқа жүгіндім. Басқа амалым қалмады. Көршілердің немқұрайлылығы, шатырды жөндеуге ақша жинамауының кесірінен менің пәтеріме зиян келді», - дейді әйел.

Іске қатысты айғақтар жеткіліксіз болғандықтан, сот шағымды қанағаттандырмаған.

«Куәгерлерім де болды, барлығын дәлелдеп шықтым. Алайда сот осындай шешім шығарды. Енді сот шешіміне шағымданбақпын. Төменгі қабатта тұратын көршілер менің өзіме тиісіп жатыр. «Арзан пәтерді әдейі сатып алдың, шатырды да өзің жөндеуің керек» дейді. Менімен сөйлеспейді, дұшпан санайды», - деп отыр пәтер иесі.

Фото: Mediasat

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1105421-semey-t-1201-r-1171-yny-32-k-1257-rsh-s-n-sot-1179-a-berd.html


Популярное

25 апреля 2018

Philips выпустила мониторы для игры на консолях

26 апреля 2018

Илон Маск похвастался строительством дракона-киборга

29 апреля 2018

В Google обратились к темной стороне искусственного интеллекта

7 мая 2018

Названы сроки появления в России первого квантового компьютера

8 мая 2018

Автопилот Uber сбил велосипедиста из-за команды игнорировать препятствия

8 мая 2018

Названы сроки полета российско-китайского самолета

30 апреля 2018

Назван главный способ предотвратить преждевременную смерть

13 мая 2018

В США сравнили свое гиперзвуковое оружие с российским

12 мая 2018

Китайский Су-35 прилетел в Россию

26 апреля 2018

Из GTA удалили Цоя, Басту и «Ранеток»