Шымкентте 96 отбасыға пәтер кілті табысталды


Бүгін жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінде 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, 96 отбасыға пәтер кілтін табыстады.

7 қабатты қос зәулім тұрғын үйдің құрылысын «Отау Строй» компаниясы жүргізген. Негізгі тапсырыс беруші - «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы.

«Жаңа жыл қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Бұл үйлерді мемлекет сіздерге делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсынып отыр. Ұзақ мерзімді жалға беріліп отырған баспаналардың сатып алу құны да арзан. Мемлекеттің осындай ігі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды. Сондай-ақ, жаңа қонысқа қол жеткізгендердің арасында жетім балалар мен оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері де бар. Мұндағы тұрғын үйлердің әр шаршы метрі үшін жылдық төлем 900 теңгеден аспайды. 20 жыл мерзім аяқталғанда пәтерлер азаматтардың меншігіне айналады.

Жалпы, «Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы мен "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" іске аса бастағаннан-ақ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» Шымкент қаласында 2541 пәтерді сатып алған.

>>>>>

Пресс-служба акима ЮКО


Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/1110352-shymkentte-96-otbasy-1171-a-p-1241-ter-k-lt-tabystaldy.html


Популярное

5 апреля 2017

В Караганде трех алматинцев осудили за дачу взяток дорожным полицейским

5 апреля 2017

Создано самовосстанавливающееся стекло для смартфонов

7 апреля 2017

Google выпустил собственную водку

13 апреля 2017

Бастрыкин предложил арестовывать без суда счета семей подозреваемых в коррупции

14 апреля 2017

Арест семейных счетов при подозрениях в коррупции сочли привлекательной идеей

26 апреля 2017

В жестоком изнасиловании студенток в Актобе подозревают экстремистов

6 апреля 2017

Любовь к бикини-селфи спасла британке жизнь

5 апреля 2017

Минобороны через суд попытается взыскать с «Сухого» более двух миллиардов рублей

5 апреля 2017

На Параде Победы в Москве покажут комплексы ПВО в арктическом исполнении

5 апреля 2017

Хакеры взломали Mass Effect: Andromeda и выложили на торренты