«Интер» Чемпиондар лигасының жолдамасына ие болды


Сәрсенбіде Каталония астанасында өткен матчта «Интерді» 1:0 есебімен ұтып кеткеніне қарамастан «Барселона» УЕФА-ның Чемпиондар лигасының финалына шыға амады, деп хабарлайды Rambler жаңалықтар порталы. Ойынның 84-ші минутында соғылған жалғыз голдың иесі Жерар Пике.

Берілген қосымша уақыттың 92-ші минутында теңбіл доп тағы да «Интер» қақпасына тоғытылған еді, алайда доп Яя Туренің қолының көмегімен соғылғандықтан гол есепке алынбады.

«Интер» өткен аптада «Барселонаны» 3:1 есебімен ұтқан болатын. Осы өткен екі кездесудің қорытындысы бойынша финалдық жекпе-жекте «Бавариямен» итальяндықтар кездесетін болды.

Тьяго Моттаның алаңнан қуылуына байланысты «Интер» футболшыларына матчтың басым бөлігін азшылықта ойнауларына тура келді. Қарсыласы Серхио Бускетсті шынтағымен соқаны үшін ойынның 28-ші минутында қызыл карточка алған Мотта алаңға қайтып оралған жоқ. 





Источник: .bnews.kz

Постоянный адрес статьи:
http://meta.kz/novosti/sport/161494-inter-chempiondar-ligasyny1187-zholdamasyna-ie.html


Популярное